СҚО-дағы сайлау учаскелерінде 348 байқаушы жұмыс істеп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімдері сайлауының әділ өтуін 348 байқаушы бақылауға алған. Бұдан басқа 174 мобильді капитан сайлау учаскелерінде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ СҚОФ төрағасы Жанат Мұхамеджановтың пікірінше, елімізде алғаш рет өтіп отырған ауыл әкімдерінің сайлауы - елді демократияландырудағы және жергілікті басқару институттарын нығайтудағы маңызды қадам.

«СҚО-да барлығы 13 аудан, аудандық маңызы бар төрт қала және 190 ауылдық округ бар. Облыста ауыл халқының саны 288 мыңнан асады. Бұл барлық облыс тұрғынының 53 %-ы. Алайда осы жолы сайлау төрт жылдық өкілеттік мерзімі аяқталған және өз қызметін мерзімінен бұрын бітірген ауыл округтері әкімдерінің арасында өтіп жатыр. Солтүстікқазақстандықтар 70 ауылдық округ және Мамлютка қаласының әкімін таңдайды. Бұл ретте 61 әкім толық мерзімінің аяқталуына байланысты, 10 әкім мерзімінен бұрын қызметтен кетуіне байланысты сайланады», - дейді Жанат Мұхамеджанов.

Қазір 174 сайлау учаскесінде дауыс беруді 348 байқаушы және 174 мобилді капитан бақылауға алған.

«Сайлау барысын қоғамдық бақылауға алу азаматтық борышымыз. Біздің ұстаным - жариялылық, ашықтық, әділдік, парасаттылық және заңдылық қағидаттары.

Қоғамдық қозғалыс ретінде құрылған облыстағы орталыққа тәуелсіз бақылаушылар еніп, сайлау барысы заңды және легитимді өтеді деген үміттеміз», - дейді Жанат Мұхамеджанов.


Соңғы жаңалықтар