СҚО-дағы Сергеев су қоймасында су деңгейі түсіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын өзендердің ғана емес, Сергеев су қоймасындағы су деңгейі де тұрақты түрде төмендеп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РММ СҚО филиалының мәліметінше, Сергеев су қоймасындағы су деңгейі бір тәулікті 27 см төмендеді. Қазір бөгеннен су 114 см асып-төгіліп жатыр. Ең максималды көрсеткіш 17 сәуір күні тіркеліп, ернеуінен 167 см асып төгілді.

Сергеев су қоймасынан төмен Есіл бойында орналасқан гидропосттарда, керісінше су деңгейі көтеріліп келеді. Покровка елді мекені маңында 78 см, Новоникольское ауылының маңында 45 см, Долматово жанында 83 см, Петропавлда 178 см көтерілген.

Ал облыстың шағын өзендерінде су деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді.

Иманбұрлық, Ақанбұрлық, Бабықбұрлық, Қамысақты, Шарық, Мұққыр өзендерінде бір тәулікте 6-123 см аралығында өзгерген. Олардың көпшілігінде мұз жоқ.

Үлкен Тораңғұл көлі де мамандардың бақылауында. Бір тәулікте су деңгейі 2 см артып, 366 см құрады.

Жалпы, су деңгейі облыстағы 19 гидропост арқылы бақыланады. Олардың 16-сы Есіл өзені мен оның сағаларында орналасқан. Екеуі Сергеев және

Петропавл су қоймаларында болса, біреуі Үлкен Тораңғұл көліндегі өзгерісті бақылап отырады.


Соңғы жаңалықтар