СҚО-ның Әдеп кеңесі әкімдіктің бөлім басшысын жұмыстан босатуды ұсынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда көлікке мас күйде отырғаны үшін дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысын жұмыстан қуу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының Әдеп жөніндегі кеңесі Петропавл қалалық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісіне қатысты істі қарады.

Мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік қызметші 2020 жылдың 17 желтоқсаны күні көлікті мас күйде жүргізген. Соттың үкімімен ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Заң бойынша мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеуі қажет және міндетті түрде қызметтік әдепті сақтауы керек.

Тәртіптік істі қараған Әдеп бойынша кеңес бөлім басшысын жұмысынан босатуға ұсыныс жасады.


Соңғы жаңалықтар