СҚО-ның денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Нұрлан Айманов денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Айманов Ақтөбе қаласының тумасы, 1982 жылы дүниеге келген.

2007 жылы Қазақ ұлттық медициналық институтын «педиатрия» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қалалық № 1-ші балалар клиникалық ауруханасында дәрігер интерн, балалар хирургі болып бастады.

2008-2013 жылдар аралығында СҚО балалар ауруханасында балалар хирургі болып жұмыс істеді.

2016 жылы облыстық балалар ауруханасының консультативті-диагностикалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары лауазымына бекітілді.

2016-2019 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасын басқарды.

Ал 2019 жылдан осы күнге дейін СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөнінен орынбасары қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар