СҚО полицейлері көлік ұрыларының артынан қуғын ұйымдастырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ұрылар аулада тұрған көлікті айдап әкетіп, полицейлер оларды ұстау үшін қуғын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесіндегі аулалардың бірінен «Toyota Land Cruiser» автокөлігі жоғалған. Оның иесі түнде машинасын орнынан таппай, бірден «102» арнасына қоңырау шалады.

Бағдар бірден барлық бекеттер мен автопатрульдерге жіберілді. Полицейлер жол талғамайтын көлікті табу үшін жолдарды, ормандар мен дала жолдарын бақылауға алды. Нәтижесінде айдап әкеткен джипқа ұқсас көлік Боголюбово ауылына апарар жолда табылды. Жылдамдықты асырып өткен көліктің соңында сұр «Ауди» болған. Оның жүргізушісі полицейлердің жолын кес-кестеп, кедергі жасаған. Соңына түсіп қуу нәтижесінде полицейлер Есіл ауданы Покровка ауылының 1995 жылғын тұрғынын «Toyota Land Cruiser» көлігінде ұстады. Ол бұрын істі болған.


Есіл ауданының 2 тұрғыны қымбат көлікті айдап әкетуге мұқият дайындалған. Олар түн жарымда ұнаған көлікке өздерінің аккумуляторын салып, көзге түспей ауладан шығып кетеді. Қолға түскен күдіктінің айтуынша, олар бір-екі рет қымбат көлікті хабарландырудан көрген. Кейін түнде келіп, артқы есігінің кілтін сындырып, ішіне кірген. Ұқсас кілтпен от алдырып, үйлеріне – Покровкаға бармақ болыпты.


Ал «Ауди» көлігі Новоникольское ауылының маңындағы орманда жасырылған жерінен табылды. Оның жүргізушісі - Покровка ауылының 1986 жылы туған тұрғыны. Бұрын сотталған оған полицейлер іздеу жариялады.

Аталған факті «Ірі көлемде жасалған ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.


Соңғы жаңалықтар