СҚО: Ресеймен шекарада жүк көліктеріне арнайы жолақтар орнатылуда

None
None
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Қарақоға ауылы маңындағы шекара бекетінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО әкiмдігінен мәлім еткендей, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Мағжан Жұмабаев ауданына барды.

Қ.Ақсақалов өндiрiстiк, бизнес және спорт нысандарын аралап көргеннен кейін ауданның дамуына арналған жиын өткізді.

«Облыс әкiмi Қарақоға ауылының жанындағы шекара бекетiне де барды. Мұнда күрделi жөндеу жұмыстары аяқталуда. Бекетте жүк көлiктерiне арнайы жолақтар қойылуда. Осының арқасында жүк және жеңiл автокөлiктердiң ағынын ажыратып, кезектi қысқартуға болады», - деді әкімдіктен.

Соңғы жаңалықтар