Словакия экс-Президенті Қазақстандағы реформаларды құптады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Словак Республикасының экс-Президенті Иван Гашпарович Қазақстанда іске асырылып жатқан реформалар курсын құптап, олар еліміздің одан арғы үдемелі дамуын қамтамасыз етеді деп пайымдады. Бұны Словакияны 2004-2014 жылдары басқарған И. Гашпарович бүгін өткен Қазақстанның Братиславадағы Елшісі Роман Василенкомен кездесуі барысында айтты.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

И. Гашпарович Қазақстанға 2010 жылы екі рет сапармен келген – бірінші ресми сапармен, кейін – ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін. 2007 жылы ол Словакия астанасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты мемлекеттік сапармен қабылдады. Словакия Президенті ретіндегі өкілеттігін тапсырғаннан кейін, құқықтанушы, ғалым, құқықтану саласындағы көптеген кітаптар мен оқулықтардың авторы И. Гашпарович ғылым саласына және Коменски Университетінде құқықтану пәнінен сабақ беруге қайта оралды.

Экс-Президент кездесуде атап өткендей, ол Қазақстанға жасаған сапарларын жылы шыраймен еске алады, осы жылдар бойы елдің дамуын байқап, оның жетістіктеріне таңдануда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баяндаған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар курсын құптап, И. Гашпарович құқық үстемдігін нығайтудың, адам құқықтарын қорғаудың, инвестициялық климатты жетілдірудің ерекше өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Бұның бәрі ішкі экономикалық өсімді ынталандырумен қатар басқа елдердің іскерлік топтарымен ынтымақтастықты кеңейту үшін айтарлықтай әсер етуі тиіс.


Екі ел арасындағы осындай ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуеті өнеркәсіп, соның ішінде автомобиль жасау, дизайн және жобалау, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, ақпараттық технологиялар, сонымен қатар көлік және логистика салаларында болуы мүмкін.

Өте жылы атмосферада өткен кездесудің қорытындысы бойынша И. Гашпарович Қазақстан басшылығы мен халқына толағай табыс пен гүлденуді тіледі.


Соңғы жаңалықтар