Соғысқа дайын елдер ядролық қарудан бас тарту жігерін жоғалта бастады - Назарбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, мұның үлкен себебі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жуырда ғана орта және шағын қашықтықтағы ракеталарды жою туралы келісімнің күшін жоюы – жаһандық әрі аймақтық қауіпсіздікке жасалған үлкен соққы болды. Осы қадам бүкіл Еуразия аумағында бақыланбайтын милитаризацияға жол берді. Өз кезегінде соғысқа дайын елдер ядролық қарудан бас тарту жігерін жоғалтуда. Олар ядролық қаруды өз қауіпсіздігі мен егемендігінің кепілі деп біліп отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында.

Елбасы мұның алдында Еуразиядағы геосаяси жағдайға әсерін тигізетін қауіп-қатерді атаған болатын.

Айта кетсек, елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордада Astana Club отырысы өтіп жатыр. Кезекті басқосуға әлемнің 23 мемлекетінен геосаясат, экономика мен халықаралық қатынастар саласының маңдайалды сарапшысы ретінде мойындалған 50-ден астам халықаралық спикер қатысуда. Құрметті меймандардың қатарында - 3 бұрынғы мемлекет басшысы, 5 экс-премьер-министр, 10 министр және Нобель сыйлығының лауреаты бар.

Соңғы жаңалықтар