«Солтүстік» ӘКК жер учаскелерін заңсыз үлестіргені анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқапарат - «Солтүстік» ӘКК-ның Петропавл әкімдігінің қаулылары арқылы алған жер учаскелері көп қабатты тұрғын үйлер салу бойынша қызметтер көрсететін нарық субъектілеріне берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департаменті корпорацияға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жолдаған.

«Биылғы сәуір айында Петропавл қаласында көп қабатты тұрғын үйлерді салу үшін «Солтүстік« ӘКК 2021 жылы жер учаскелерін беру фактілерін қамтитын қала әкімдігінің жер қатынастары бөліміне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері туралы прокуратурадан хат түсті. Осы деректі тексеру кезінде ӘКК Петропавл әкімдігінің қаулылары арқылы алған жер учаскелері көп қабатты тұрғын үйлер салу бойынша қызметтер көрсететін нарық субъектілеріне берілгені анықталды», - деп хабарлады аймақтағы монополияға қарсы департаментінен.

ӘКК жер учаскелерін көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін жекелеген нарық субъектілеріне ұсынып, сол арқылы осы нарық субъектілеріне бәсекелестік ортада артықшылықтар береді.


Соңғы жаңалықтар