Солтүстік Қазақстан облысында коммуналдық тариф төмендеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында коммуналдық тариф төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

СҚО статистика департаментінің мәліметінше, облыс бойынша инфляция жыл басынан 0,9% құрады. Азық-түлік тауарлары орта есеппен 2,2%, азық-түлік емес тауарлар 0,4% қымбаттаған.

Соңғы үш айдың ішінде нан, ұн, нан-тоқаш және ұннан дайындалған кондитер өнімдері, күріш, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктер, темекі, сүт, макарон, балық және теңіз өнімдері, жұмыртқа, көкөністер мен жемістер 8,7% - 0,5% аралығында қымбаттады. Ал, картоп, құмшекер және жармаларға баға болмашы - 1,5%-0,5% арзандады.

Солтүстікқазақстандықтар сондай-ақ, үйді күтіп ұстауға арналған материалдарға, кітаптар және кеңсе тауарларына, автомобильдерге, тұрмыстық техникаға, фармацевтикалық өнімдерге, киім және аяқ киімнің жекеленген түрлеріне орта есеппен 2%-ға дейін артық төлеуде. Десек те отын 4%, бензин - 1,1% арзандады, бірақ жанармай 0,2% қымбаттаған.

Статистика департаменті мамандары коммуналдық қызметтер тарифтері: суық суға - 8,6%, электр қуатына - 6,8%, қоқыс шығаруға - 5,2%, кәрізге - 3%, тасымалдау жүйесі бойынша бөлінетін газға - 1,6% -ға төмендегенін айтады.

Бұдан басқа әуе жол көлігімен көрсетілетін қызметтер бағасы 17,6% арзандаса, темір жол көлігімен жол жүру бағасы 3,6% артқан. Тұрғындар медицина, сақтандыру, мейрамхана және мейманхана қызметтеріне 6,3% - 2,9% аралығында артық төлейтін болады.

Соңғы жаңалықтар