Солтүстік Қазақстанда биыл 160 елдімекеннің жолы жөнделеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 125 мың тұрғыны бар 160 елдімекеннің жолы жөнделмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы үш жылдан бері өңірдегі жолдарды жөнге келтіруге қыруар қаржы бөлініп келеді.
2018 жылы 675 км, 2019 жылы 705 км және былтыр 954 шақырым жөнделді. Нәтижесінде барлық жолдың шамамен үштен бір бөлігі жөнге келтірілді.
Басымдық негізінен елдімекендер арасындағы жолдарға берілді. Сол себепті биыл қаражаттың негізгі бөлігі аудан орталықтарындағы, үлкен ауылдардағы жолдарды жөндеуге бөлінбекші.
«Былтыр 2019 жылмен салыстырғанда 8 есе көп қаржы бөлдік. Яғни 5,8 млрд теңгеге 74 ауылдың ішіндегі жолдар жөнделді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Қаражат бар. Ең алдымен аудан орталықтарын жөнге келтіреміз», - дейді Құмар Ақсақалов.
Нәтижесінде 125 мың тұрғыны бар 160 елдімекеннің жолы жөнделеді. Осылайша өңірдегі жақсы жолдардың үлесі 74 %-ке жетпек.
Бұған дейін СҚО әкімі ауылдарды сумен жабдықтауға биыл 10,6 млрд теңге бөлінетінін айтқан еді.
- СҚО-да боран күшейіп, республикалық бағыттағы бірқатар жол жабылды
- Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Жамбылда биыл 48 инвестициялық жоба жүзеге асады
- Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
-
Көкшетауда латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды
-
2021 жылдың наурызынан мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сатуды қамтамасыз ету керек – Роман Скляр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам