Солтүстік Қазақстанда көлден 500 кг өлі балық жинап алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстандағы Питное көлінен 500 келі өлі балық сүзіп алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 18 мамырында СҚО мемлекеттік инспекторлары өңірдегі Питное көлінде балықтың қырылу фактісін тіркеді. Инспекция мамандары жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен, «Балық шаруашылығы НПЦ» ЖШС мамандарымен бірлесіп, аталмыш көлге зерттеу жүргізді. 500 келі өлі балық (мөңке балық) жинап алынды. Сүзіліп алынған балықтың бәрі жойылды», - деп жазады Facebook парақшасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Мамандар балықтың сынамасын алып, лабораториялық зерттеуге жолдаған.

Балықтың неден қырылғаны алдағы уақытта қосымша хабарланады.


Соңғы жаңалықтар