Солтүстік Қазақстанда КВИ жұқтырғандар бір аптаның ішінде 36 пайызға артты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді, қауіпті вирус өткен тәулікте 71 адамнан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО-ның бас мемлекеттік санитар дәрігері Әсет Жұматаев брифингте өңірдегі коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.
18 қаңтар күні облыста КВИ жұқтырудың 71 жағдайы тіркелді. Бұл өткен аптаның ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,5% көп, яғни 52-ден 71-ге дейін өскен.
Коронавирус жұқтырғандардың 50-і дәрігерге ауырып көрінген. Жалпы науқастардың басым бөлігі – Петропавл тұрғындары, 31 адам ауырған.
Ал Ресеймен шекаралас М.Жұмабаев ауданында 10 адам КВИ жұқтырса, облыс орталығының іргесіндегі Қызылжар ауданында 8 адамнан анықталды.
Жамбыл, Тимирязев аудандарында – 7, Шал ақында – 4, Есілде – 2, ал Мамлют пен Аққайың аудандарында 1 жағдайдан тіркелген.
Облыста індет басталғалы 9633 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 368 жағдай немесе 4 %-і сырттан әкелінген. 5887 адамда ғана ауру белгілері болған.
«Жұқтырғандардың басым бөлігі - 61 %-і немесе 5845 жағдайда медициналық көмекке жүгінген адамдар арасында тіркелген. 23 %-інде немесе 2174 жағдайда КВИ байланыста болғандар арасында анықталса, қалған 17 %-інде немесе 1614 жағдайда вирус сырқаттарда профилактикалық тексеру кезінде анықталды», - дейді Әсет Жұматаев.
- Қазақстандық банктер клиенттерге үндеу жолдады
- Ертең Қызылордада коронавирусқа қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталады
- 4 оқушы қызды қаққан мас жүргізуші: Президент тергеуді өз бақылауына алды
- КВИ: Қазақстанда 6 млн адамды вакциналауға қандай екпелер қолданылады
-
COVID-19 бойынша медициналық ұйымдардың дайындығын бағалау жүргізіледі - Марат Шоранов
-
Таразда жоғалған 15 жасар оқушы Алматыдан табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам