Солтүстiк Қазақстанда заманауи сүт фермасы ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Бүгiн Солтүстік Қазақстан облысында жаңа сүт фермасы iске қосылды. Шаруашылықтың жұмысымен өңiр басшысы Құмар Ақсақалов танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО әкімдігінен мәлім еткендей, «Дайындык агро» серiктестiгi соңғы үлгiдегi техникалармен жабдықталған. Ауылдың 28 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Былтыр өңірде 4 заманауи сүт кешенi жұмысын бастаса, биыл 3-еуі iске қосылады. 2020 жылы тағы 10 кешеннiң құрылысы басталмақ. Жаңа фермалар сүт өндiрiсiн жылына 20 мың тоннаға көбейтуге мүмкiндiк бередi.

«Мал шаруашылығы өте табысты бизнес, әсiресе сүт өндiрiсi. Осы кәсiппен айналысып отырғандар пайдасын көрiп отыр. Қазiр аталмыш фермалардың санын көбейту бойынша шаруалармен тиiстi жұмыстарды жүргiзiп жатырмыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар