Солтүстік өңірлерде күн суытады, жел күшейіп, қар жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік өңірлерде жел күшейіп, күн суытады, қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

7 сәуірде Қарағанды облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан асып кетеді. 8 сәуірде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

7 сәуірде Қостанай облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді, кейде одан да асып кетеді. 8 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Түнде 7 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, 7 сәуірде күндіз , 8 сәуірде тәулік бойы оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді, кейде одан да асып кетеді.

8 сәуірде Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін төмендейді.

Нұр-Сұлтан қаласында 7 сәуірде түнде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 8 сәуірде түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.


Соңғы жаңалықтар