+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Соңғы 10 жылда елімізде 2,6 млн бала пневмококкқа қарсы екпе алған – ДСМ

2020 жылғы 17 қазан 13:21
Бөлісіңіз:
Соңғы 10 жылда елімізде 2,6 млн бала пневмококкқа қарсы екпе алған – ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда пневмококк инфекциясына қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасып жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасында пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жоспарлы түрде жүргізіледі. «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес пневмококк инфекциясына қарсы профилактикалық егу балаларға өмірінің 2, 4 және 12-15 айлығында үш рет жүргізіледі», - дейді министр.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Республикасында пневмококк инфекциясына қарсы жоспарлы вакцинациялау 2010 жылдан бастап 13-валенттік конъюгацияланған вакцинаны қолдана отырып жүргізіліп келеді.

«Соңғы 10 жылда елде пневмококкқа қарсы 2,6 млн бала егілді (7,4 млн астам егу алды) және халық арасында жеткілікті иммундық қабат қалыптасты. Ол осы инфекцияның, әсіресе егде жастағы адамдар арасында таралу белсенділігін төмендетеді» дейді Алексей Цой.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында пневмококк инфекциясына қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT