Соңғы 5 жылда ауылдарда экономиканың негізгі көрсеткіштерінен оң динамика байқалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жылда ауылдарда экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі ауылдық аумақтарды дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күні ауыл халқының саны 7,7 млн адамды немесе еліміз бойынша халқымыздың жалпы санының 41 пайызын құрады. Жұмыспен қамтылған ауыл халқының құрылымында ауыл шаруашылығы ең үлкен үлесті құрайды. Бұл - 28,2 пайыз. Жалпы соңғы 5 жылда экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ауылдарда өмір сүру деңгейін одан әрі арттыру үшін министрлік «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Жобаның мақсаты - инфрақұрылымдарды жаңғырту есебінен және оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне дейін жеткізе отырып,ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту.

«Аталған мақсатқа жету әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктерге қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыру есебінен, сондай-ақ қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар