Соңғы екі аптада 5 өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республиканың 5 өңірі «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқастанудың оң динамикасы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында да көрініс тапты. Соңғы 2 аптада республиканың 5 өңірі «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. Олар: Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары. Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Қалған 11 өңір «қызыл» аймақта «,- деді Алексей Цой.

Оның атап өтуінше, эпидемиологиялық ахуалдың оң динамикасына ауырғандар санынан науқастанып жазылғандар санының артуы да дәлел бола алады.

«Айталық, соңғы аптада сауыққан науқастардың саны апта ішінде ауырғандар санынан 1,5 есе көп болды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар