+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Соңғы үш жылда Украина Қазақстанға 6 қылмыскерді ұстап берді

2019 жылғы 7 қараша 10:43
Бөлісіңіз:
Соңғы үш жылда Украина Қазақстанға 6 қылмыскерді ұстап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шарт 2018 жылы қазанда елордада жасалды.

«Бүгінде Украинамен арада қылмыстық қудалау саласында өзара сенім қалыптасқан. Соңғы үш жылда Украина бізге 6 қылмыскерді ұстап берді. Қазір аталған елде жасырынып жүрген 6 адам бар. Оларды қайтару қаралып жатыр. Бұл шарт сол қарым-қатынасты жоғары дәрежеде бекітіп, ынтымақтасудың жалғасы болмақ», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, бұл шарт қылмыстық жауапқа тарту және сот үкімін орындау үшін адамдарды ұстап беру мәселесін шешеді. Шарт бойынша жасалған қылмыс үшін екі елде де кемінде бір жылға бас бостандығынан айыру көзделген болса немесе сотталған адамның өтелмеген мерзімі 6 айдан көп болса ол ұстап беріледі. Әрине, адамды беруден бас тарту негіздері де көзделген.

Мысалы, бір тарапта қылмыс деп саналатын әрекет екінші жақта олай болмаса немесе қудалау мерзімі өтіп кетсе, сұралып отырған әрекет әскери қылмысқа жатса, ұстап беру егемендік пен ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін болса, сондай-ақ Қазақстанның заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелерге қайшы келсе.

«Бүгінде екі ел арасында бұл мәселе Минск конвенциясымен реттелуде. Конвенция екіжақты шарт жасауға тыйым салмайды», - деді М. Ахметжанов.

Оның атап өтуінше, осы тектес құжаттар 21 елмен бекітілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT