Сора ұрығын шекарадан алып өтпек болған шетелдік ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы «Жібек жолы» шекарасында есірткі затына ұқсас дәндер алып өтпек болған шетелдік азамат ұсталды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күдікті «Белка» лақап атты қызметтік иттің белгісінен кейін тоқтатылды. Ер адамнан есірткі затына ұқсас дәндер табылды. Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер күдіктінің қалтасынан алынған затқа сот сараптамасын тағайындап, нәтижесінде оның сора өсімдігінің ұрығы екендігі анықталды», - делінген ПД мәлімдемесінде.

Белгілі болғанындай, күдікті - Өзбекстаннан Қазақстанға өтпек болған өзге елдің азаматы. Ол сора өсімдігінің ұрығын бөдене құсына жем ретінде алып келе жатқанын айтқан. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салсақ, Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұған дейін «гашиш» есірткісін алып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстаған болатын.



Соңғы жаңалықтар