+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Сот орындаушысын ұрған Алматы тұрғыны сотқа жүгінді

2021 жылғы 15 қазан 12:44
Бөлісіңіз:
Сот орындаушысын ұрған Алматы тұрғыны сотқа жүгінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда сот орындаушысын соққыға жыққан Мақсот Ысқақов сотқа талап-арыз түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр Алматыда көліктердің экологиялық нормаларға сәйкестігін тексеріп жатыр Алматыда 15 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды

Мақсот Ысқақов жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану үшін әкімшілік сотқа арыз берді.

Қалалық соттың баспасөз қызметі жоғарыда аталған іс 5 қараша күні қаралатынын мәлім етті.

Еске салайық, 4 қазан күні Алматыда заңсыз нысанды сүру кезінде сот орындаушысы соққыға жығылды.

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы сот орындаушы Бостандық аудандық сотының шешіміне сәйкес Виноградная 3/1 мекенжайына заңсыз нысанды сүру мәселесімен барғанын айтты.

Кейін боксшы Жанқош Тұраров сот орындаушысына қысым көрсеткені туралы ақпарат тарады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT