+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Сот Статидің Қазақстанға қарсы азаматтық ісін тоқтатты

2021 жылғы 15 қаңтар 15:50
Бөлісіңіз:
Сот Статидің Қазақстанға қарсы азаматтық ісін тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Әділет министрлігі Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S.A. және Terra Raf Trans Traiding Ltd. компанияларына («Стати») қарсы сот талқылауында маңызды жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тәжікстан азаматтарының 9 көлігін сырттай сатып жіберген тұрғын сотталды Қарызын қайтармағанды атқан павлодарлықтың үкімі қайта қаралып, 8 жылға сотталды Мәжіліс Жоғарғы сот төрағасы мен судьясы үміткерлеріне қатысты құжатты мақұлдады

Люксембург Округтік соты 2017 жылы Статидің алдын ала тыйым салуды бекіту туралы өтінішін қабылдамай тастады. Сот Қазақстанның пайдасына шешім шығарды және Люксембург құқық қорғау органдары алаяқтыққа қатысты толығымен тергеу жүргізгенге дейін істі тоқтата тұруға шешім қабылдады.

Люксембургте Статиге қатысты қылмыстық тергеулер басталып, қазіргі уақытта жалғасуда. Статидің алаяқтығына байланысты дәлелдемелерді, оның ішінде Қазақстан ұсынған түрлі сараптамалық қорытындыларды қарап, сот «болжамды алаяқтық газ өңдеу зауытын салу барысында келтірілген залал сомасына әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды» деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның алаяқтық туралы ісі мен Қазақстанға қарсы төрелік шешіміне сәйкес, Статидің азаматтық талап-арыздары арасында жеткілікті байланыс бар деп қаулы етті.

Сот Свеа Апелляциялық сотының судьясы Патрик Шольдстромның, профессор Кристоф Шройердің, профессор Джордж Берманның, Прайсуотерхаус Куперстің және АҚШ-тың бұрынғы прокуроры Стефан Касселланың сараптамалық қорытындыларын тікелей атап өтті. Барлық эксперттер төрелік шешімді алуда Стати жүйелі түрде алаяқтықпен айналысты және оны мәжбүрлеп орындауға тырысу арқылы алаяқтықты жалғастырып келеді деген қорытындыға келді.

Атап айтқанда, Стати қатты жүгінетін Швеция соттарына қатысты швед судьясы және швед құқығы бойынша сарапшы Шольдстром мынадай тұжырымға келді «... Стати швед заңнамасына сәйкес қылмыстық алаяқтыққа тең келетін іс-әрекеттер мен жасырулар арқылы төрелік шешімге қол жеткізгендігі туралы сенімді дәлелдер бар».

2020 жылғы наурызда Қазақстанның Әділет министрлігі Стати төрелік шешімді орындауға тырысатын негізгі юрисдикцияда, яғни Люксембургте 2019 жылғы мамырда Республика қылмыстық шағым бергендігі туралы ақпаратты жария еткендігі туралы естеріңізге сала кетейік. Бұл шағым газ өңдеу зауытының құрылыс құнын алаяқтық жолмен көтеру және жалған құжатты пайдалану туралы бірнеше айыптауларға қатысты. Қылмыстық шағымда Статидің төрелік шешімді орындау әрекеттері алаяқтыққа теңестіріледі деп айтылған, өйткені Стати:

І. құжаттарды қолдан жасаумен, құжаттарды қолдан жасауға талпынумен және оларды пайдалануға тырысумен айналысты (Люксембург Қылмыстық кодексінің 196 және 197-баптарын бұза отырып);

ІІ. алаяқтық арқылы сот шешімін алды немесе алуға тырысты (Люксембург Қылмыстық кодексінің 496-бабын бұза отырып);

ІІІ. ақшаны жылыстатуға қатысты немесе ақшаны жылыстатуға оқталды (Люксембург Қылмыстық кодексінің 506-бабын бұза отырып).

Стати тарапы Англияның Жоғарғы Сотының prima facie шешімнің алаяқтық жолмен алынғандығы туралы шешіміне байланысты ағылшын сот процесінен бас тартқаннан кейін 2017 жылдан бастап Люксембургте арбитраждық шешімді орындауға ұмтылуда. 2017 жылдың тамызында Стати Люксембург Ұлы Герцогтігінде төрелік шешім орындалуына мүмкіндік бар деген сот шешіміне қол жеткізді. Бұл сот шешімі Люксембург апелляциялық сотының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен расталды. Қазақстан Люксембург кассациялық сотына шағым түсірді, оның шешімі ақпан айында шығады деп күтілуде.

Люксембург кассациялық сотында қандай нәтиже болатынына қарамастан, Люксембург аудандық сотының 2021 жылғы 8 қаңтардағы шешімі, Стати тараптары қылмыстық процестің нәтижесі шыққанға дейін Люксембургтегі Қазақстанның қандай-да бір активтеріне қатысты шешімді орындай алмайтындығын білдіреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT