+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Сотталғандар фаст-фудқа тапсырыс бере алады

2020 жылғы 19 қазан 14:30
Бөлісіңіз:
Сотталғандар фаст-фудқа тапсырыс бере алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сотталғандар фаст-фудқа тапсырыс бере алады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пенитенциарлық жүйені жаңғырту және реформалау - Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің алдына қойған басты міндеті. Сотталғандарға арналған электрондық дүкендер сервисін енгізу, оларды жұмысқа орналастыру осы процестің маңызды бағыттары болып табылады. 2019 жылдан бастап сотталғандар үшін азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу жөніндегі мамандандырылған электрондық дүкендер қолжетімді. Мұнда тауарлардың 400-ден астам атауы ұсынылған, олардың барлығы тергеу изоляторлары мен түзеу колонияларында сату үшін қауіпсіз санатқа жатады», - делінген таратылған ақпаратта.

Ведмоство мәліметінше, тауарлар тізімі үнемі толықтырылып, кеңейтіліп отырады. Олардың қатарында азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, киім-кешек бар. Сотталғандар мейрамханалардан ыстық тағамға да тапсырыс бере алады: фаст-фуд, дәстүрлі және шығыс тағамдары, суши және пицца. Барлық бағалар қол жетімді. Сотталғандардың туыстары колонияға ең қажет заттарды жеткізу үшін электронды дүкенді қолдана алады, бұл әсіресе пандемия жағдайында өте өзекті, ал байланыссыз жеткізу вирустың түзеу мекемесі ішінде таралуына жол бермейді.

«2019 жылы біз ҚАЖ мекемелерінде электрондық дүкендерді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қостық. Жоба Ақмола және Алматы облыстарында және Алматы қаласында жүзеге асырылуда. Болашақта біз бұл тәжірибені еліміздің барлық колониялары бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің жүйемізді реформалаудың аса маңызды бағыты және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуі үшін аса маңызды мәнге ие. Олар колонияда тұрып, өздерін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіне алады», - деп атап өтті ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов.

Сонымен қатар, тағы 4 мекемеде жасалған меморандум аясында азық-түлік өнімдері мен сәлемдемелерді жеткізу жобасы іске қосылды. Мұнда туыстары сайтта қажетті тауарларды сатып алып, мекемеге жеткізуге тапсырыс бере алады (курьерлік қызмет арқылы).

Бүгінгі таңда Алматы қаласы, Алматы және Ақмола облыстарының ҚАЖД мекемелерінде төрт кәсіпкерлік субъекті («CONVEX CO» ЖШС, «VNIMANIE-Telecom» ЖШС, «Плехов SIZORDER» ЖК, «Сервис продукт» ЖШС) арнайы контингентке арналған азық-түлік өнімдері мен сауқаттарды жеткізу бойынша электрондық қызметтерді ұсынады. ҚАЖК басшысының айтуынша, бұл жұмыс пенитенциарлық жүйеде цифрландыруды дамытуға бағытталған, бұл оны жетілдіруде оң әсер етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT