Созақ ауданында кепілді әлеуметтік пакеттер үлестіріле бастады – Түркістан

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Созақ ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға кепілді әлеуметтік көмектің алғашқы легі таратыла бастады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл – 1-6 жас аралығындағы балаларға арналған мемлекеттік көмектің жаңа түрі. Аталған көмектің екі түрі бар: азық-түлік және гигиена құралдары.

Созақ ауданында кепілдендірілген әлеуметтік пакетке 929 баланың құқығы бар. Көмекті үлестіріп беру құқығын созақтық «Бен-строй-сервис» ЖШС ұтып алды. Олар отандық тауарөндіруші компаниялармен келісімшартқа отырып, аталған көмекті дер кезінде үлестіріп беруде. Ал қоймалары Созақ ауданының орталығы – Шолаққорған елдімекеніндегі «Береке» сауда орталығында орналастырылған», - делінген ақпаратта.


Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Абдуахат Бәкіровтің айтуынша, әлеуметтік көмек алатын 1074 отбасы бар. Сол отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 929 баланы азық-түлікпен және гигиена құралдарымен қамтамасыз ету үшін 86 млн теңге қарастырылған. Азық-түлік жиынтығы айына бір рет беріледі, ал тұрмыстық химия жиынтығы тоқсанына бір рет үлестіріледі.


Соңғы жаңалықтар