Созақта кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана тарту етті

None
None
CОЗАҚ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Созақ ауданында кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана тарту етті. Қызылкөл елді мекенінде орналасқан тұрғын үй жарықпен қамтылған, таза ауыз су жүйесі жүргізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құмкент ауылдық округінің тұғыны Шегебай Медеубайұлы бұған дейін алты баласымен жұпыны үйді паналап келген. Осыны ескерген аудан әкімдігі «Қамқорлық» жобасы аясында демеуші тауып, жанұяның баспаналы болуына қолғабыс етті. Іскер азамат көлемі 120 шаршы метр болатын алты бөлмелі үй алып беріп, мұқтаж жанды қуантты. Кәсіпкер Сарыбаевтар отбасына осылайша демеушілік танытып, қолдау көрсетті.

Айта кету керек, Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы филиалының бастамасымен іске асып жатқан «Қамқорлық» акциясы аясында Созақ ауданынан 67 отбасы бекітілген. Олар азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, қажетті көмектер көрсетіліп келеді. Аудан көлемінде тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету, тізімдегі отбасыларды үймен қамтамасыз ету алдағы уақытта да жалғасын табады.

Айнұр Ақбаева

Соңғы жаңалықтар