Спартакиада кезінде көз жұмған мұғалім өлімінің себебі анықталып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полициясы спартакиада кезінде көз жұмған 43 жастағы мұғалімнің өліміне қатысты мән-жайды анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция 1979 жылғы әйелдің өлімі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Қайғылы жағдай 28 наурыз күні Біржан сал ауданының Степняк қаласында мұғалімдер арасында өткен спартакиада кезінде болған. Тексеру қорытындысына сай әйелдің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның бүкіл егжей-тегжейін анықтап жатыр»,-деп түсіндірді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Еске сала кетсек, наурыздың 28-де Ақмола облысында мектеп қызметкерлері арасында өткен «Мұғалім-2022» аймақтық спартакиадасы кезінде Мамай орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі 43 жастағы орынбасары көз жұмған болатын.

Волейбол ойыны барысында мұғалім өзін жайсыз сезініп, алаңның сыртына шығып отырады. Сол жерде құлап, есін жоғалтады.

Ол жедел жәрдем бригадасы келгенше көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар