+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

«Спутник V» вакцинасы Әзербайжанға таяуда жеткізіледі

2021 жылғы 16 сәуір 21:32
Бөлісіңіз:
«Спутник V» вакцинасы Әзербайжанға таяуда жеткізіледі

БАКУ. ҚазАқпарат – Баку қаласына алдағы уақытта «Спутник V» вакцинасының 100 мыңнан астам дозасы жеткізіледі, коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны Әзербайжанда шығару мәселесі қарастырылып отыр. Бұл туралы ТМД Парламентаралық ассамблеясының көктемгі сессиясы алаңында Әзербайжан парламентінің спикері Сахиба Гафаровамен кездесу кезінде Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко мәлім етті.

«Сәуір-мамыр айларында «Спутник V» вакцинасының 100 мыңнан астам дозасын жеткізу келісімі туралы білемін, себебі біз жаппай вакциналаудың пандемияны тоқтатудың жалғыз әдісі екенін түсініп отырмыз», - деді ол.

Федерация кеңесі спикері ресейлік тараптың препараттарды Әзербайжан Республикасына жеткізуден бөлек, оны бұл ел аумағында шығарылуы да мүмкін екенін айтты.

«Вакцинаны тек жеткізуге ғана емес, менің білуімше, бұл вакциналарды Әзербайжанда шығару мәселесі де қарастырылып отыр. Бұл өз кезегінде жаппай вакциналауды тездетіп, вакцинаны басқа елдерге де экспорттауға мүмкіндік беруі мүмкін», - деп қосып өтті В.Матвиенко.

Атап өтейік, 11 наурызда Әзербайжан премьер-министрә Әли Асадов Ресейден аталған вакцинаның 300 мың дозасын сатып алу туралы шешімге қол қойды. Бүгінде Әзербайжанда екпе салдыртқандардың жалпы саны 1,2 млн адамнан асқан. Соның ішінде вакцинаның алғашқы дозасы 837 304 адамға, екінші дозасы – 434 487 пациентке егілді.

Осы арада, Әзербайжанда күн сайын COVID-19 вирусын жұқтырудың 2 мыңнан астам оқиғасы тіркеліп отырғанына қарамастан, сарапшылар алдағы уақытта елдегі эпидемиялық жағдайдың тұрақталуына сенімді.

Осылайша, елдің Аумақтық медициналық бөлімшелерін басқару бірлестігі басқармасының жанындағы медициналық-ғылыми комитет басшысы (TƏBIB) Акиф Гурбанов Әзербайжанның бүгінде COVID-19 коронавирусының үшінші толқынын бастан өткеріп жатыр деп санап отыр.

«Қазіргі кезде вирус жұқтырған адамдар саны күнсайынғы өсімі жоқ, тқрақтылық байқалып отыр. Егер болжамымыз ақталса, жаңа оқиғалар саны біртіндеп азаятын болады», - деді TƏBİB өкілі.

Бұл ретте А.Гурбанов Әзербайжанда анықталған COVID-19 штамдарының ауруды бұрынғыға қарағанда одан да жұқпалы еткенін, бірақ ауру белгілерінің өткірлігі мен өлім-жітім оқиғаларына әсер етпегенін атап өтті.



Авторы Серікбол Көшмағанбетов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT