Стати ісі: «Самұрық-Қазына» акцияларына уақытша тыйым салу ұйғарымы қайта қаралатын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерланд Корольдігінің Жоғарғы соты Стати ісі шеңберінде Қазақстан пайдасына шешім шығарып, KMG Kashagan B.V. компаниясындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның акцияларына уақытша тыйым салу бойынша ұйғарымды қайта қарауды үкім етті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S. A. және Terra Raf Trans Traiding Ltd.-ге (Стати) қарсы Нидерланд Жоғарғы сотындағы процесте жетістікке қол жетті.

2020 жылғы 18 желтоқсанда Нидерланд Жоғарғы соты Стати мен Қазақстан Республикасы арасындағы даумен байланысты KMG Kashagan B.V. компаниясындағы «Самұрық-Қазына« АҚ акцияларына тыйым салуға қатысты жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде Амстердам Апелляциялық сотының 2019 жылғы 7 мамырдағы шешімінің күшін жойды.

Нидерланд Жоғарғы соты Біріккен Ұлттар Ұйымының мемлекеттердің юрисдикциялық иммунитеттері және олардың меншігі туралы Конвенциясының 19 (С) бабына сүйене отырып, бұл ереже әдеттегі халықаралық құқықты көрсететінін анықтады», - делінген министрлік ақпаратында.

Осылайша, Жоғарғы сот Гаага апелляциялық сотына істі қайта қарауға жіберіп отыр.

«KMG Kashagan B.V. компаниясындағы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ акцияларына тыйым салудың заңдылығы Гаага апелляциялық сотымен қайта қаралатын болады. Қазақстан Республикасы Гаага апелляциялық соты тыйым салуды заңсыз деп санап, оның күшін жоятынына сенімді.

Қазақстан Республикасы өзінің инвестициялық ахуалын және өзінің көптеген заңды инвесторларын қорғауға бел буды. Сондай-ақ, Республика алаяқтықпен, ақшаны жылыстатумен және сыбайлас жемқорлықпен күресіп жатыр. Сондықтан Қазақстан өзінің инвестициялық жүйесін жүйелі түрде инвестицияларды қорғау қалқанының артында жасырынып жүрген Стати тарабымен теріс пайдалануға қатысты құқықтық шараларды әшкерелеуге, бағалауға және қабылдауға өз жауапкершілігінен құқық үстемдігі қағидатына сәйкес бас тартпайды.

Соңғы жылдары Статидің Қазақстандағы шынайы іс-әрекеттерінің дәлелдемелері бірте-бірте бірқатар беделді және тәуелсіз сарапшылармен анықталып, бағаланды. Сарапшылар Статидің заңнаманы жүйелі түрде бұзғанын анықтады, соның нәтижесінде олар өздерін заңды инвесторлар ретінде көзбояушылық тудырып, іс жүзінде жалған компанияларды пайдалана отырып, қазақстандық жүйені алаяқтық операциялар жасау үшін пайдаланды. Pricewaterhouse Coopers (»Pwc«) әлемдік жетекші аудиторлық фирмаларының бірі Стати Қазақстаннан жарты миллиардтан астам АҚШ долларын оффшорлық шоттарға және өз қалталарына аударған деген қорытындыға келді. Осылайша, Стати жүйелі түрде алаяқтық арқылы өздерінің қазақстандық операциялық компанияларын өз пайдасы үшін ойран қылды. Сонымен бірге, олар бұл компанияларды сыртқы әлемге тиімді деп көрсетті, соның ішінде өзінің аудиторлары KPMG-ге жалған мәлімет ұсыну арқылы жалған қаржылық есептілік алды. Стати осы жалған қаржылық құжаттарды өз қызметінде, соның ішінде инвесторлардың қаражатын тарту кезінде пайдаланды. Сондай-ақ, Қазақстанның жауапкершілігі туралы және олар Қазақстанға инвестиция ретінде салған сомалар туралы алаяқтық мәлімдемелер негізінде 497 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі төрелік шешімді (»Төрелік шешім«) алу үшін Стати алаяқтық жолмен жасалған қаржылық құжаттарды пайдаланды.

Алаяқтық пен ақшаны жылыстату туралы дәлелдер Төрелік шешім қабылданғаннан кейін ғана пайда бола бастады. 2019 жылдың сәуірінде Статидің бұрынғы қаржы директоры Артур Лунгу АҚШ-тағы ант берген мәлімдемесінде Стати өзінің аудиторы KPMG компаниясына айтарлықтай бұрмалаушылық жасаған мәліметтер бергенін мойындады. Нәтижесінде, 2019 жылғы 21 тамызда KPMG Статидің Қазақстанға болжамды инвестицияларына қатысты қаржылық есептіліктеріне шығарылған барлық аудиттік есептерін кері қайтарып алды. Бұл кері қайтарып алу KPMG дайындаған қаржылық есептіліктің үш жылын қамтитын жалпы он сегіз аудиторлық қорытындыға әсер етеді. KPMG бұл ерекше қадамды Статидің KPMG-ны Қазақстандағы өз инвестицияларының құнына қатысты әдейі жаңылыстырғаны туралы жазбаша дәлелдемелерді тәуелсіз түрде қарастырғаннан кейін қабылдады.

Deloitte, PwC, профессор Джордж Берманн және профессор Кристоф Шройер сияқты тәуелсіз және жетекші әлемдік сарапшылар жағдайды бағалап, Стати жүйелі алаяқтықпен айналысты және төрелік шешім алаяқтық жолмен алынды деген қорытындыға келді. АҚШ Әділет департаментінің активтерді тәркілеу және ақшаны жылыстату бөлімі бастығының орынбасары болған ақшаны жылыстату бойынша жетекші сарапшылардың бірі Стефан Каселла, Стати кем дегенде екі юрисдикцияда – АҚШ пен Латвияда «ақшаны жылыстатуға байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін« деген қорытындыға келді. Люксембургте Статидің алаяқтық және ақшаны жылыстату схемаларын қылмыстық тергеуі жалғасуда.

Қазақстанда өздерінің алаяқтық қызметінен пайда тапқаннан кейін заңды инвестор ретінде көзбояушылық жасап, төрелік шешім алаяқтық жолмен алынғандығын біле тұра, оны орындауға қол жеткізу мақсатында Стати өздерінің алаяқтық әрекеттерін соттарда көптеген жылдар бойы жалғастырды.

Стати мен олардың адвокаттары шешімді орындау процестерінде соттар алаяқтық пен ақшаны жылыстатудың жаңа дәлелдерін толық қарастырмауы үшін соттарға жүйелі түрде бұрмалаушылық пен жалған мәлімдемелер ұсынады. Мұның бәрі төрелік шешім шығарған трибуналға белгілі болған жоқ, бірақ бұл оның шешіміне қатты әсер етуі мүмкін еді. Инвестицияларды қорғау саласындағы ең беделді әлемдік сарапшылардың бірі – профессор Кристоф Шройер: «Қазіргі уақытта қолда бар дәлелдер, соның ішінде KPMG хат алмасулары мен жалған қаржылық есептілік Статидің заңсыз әрекеттері мен теріс пиғылын айқын көрсетеді. Бұл дәлелдемелердің төрелік трибуналға қолжетімділігі оның юрисдикциясын, Стати талаптарының жарамдылығын және Қазақстанның жауапкершілігін айқындау үшін шешуші мәнге ие болар еді». Өз кезегінде PwC жалған қаржылық есептерге «ЭХК төрелігінде Стати, олардың куәгерлері, сарапшылары және адвокаттары, сондай-ақ төрелік сот сүйенді және олар төрелік шешім шығарылғаннан кейінгі сот процестеріндегі хаттамалар бөлігі болып қала береді» деп тұжырымдайды.

Жаңа дәлелдер швед апелляциялық сотына төрелік шешімнің күшін жоймау туралы шешім қабылдаған кезде белгілі болмады. Содан бері Стати швед соттарына жағдайды шынайы және толық мәліметтер негізінде бағалауға мүмкіндік бермеді. Шведтік Свеа сотының судьясы Патрик Шельдстромның айтуынша «Жоғарыда айтқанымдай, Стати ЭХК арбитражындағы трибуналды газ өңдеу зауытының құны туралы әдейі жаңылыстырғаны туралы сенімді дәлелдер бар деп санаймын. Менің ойымша, мұның салдары ретінде олар Швециядағы төрелік шешімнің күшін жою процесі кезінде әдейі жалған ақпарат берді немесе осы мәселе бойынша тиісті ақпаратты жасырған болуы керек. Мұндай әрекеттер мен әрекетсіздіктерді швед заңнамасыбойынша «қарапайым« қылмыстық алаяқтық деп санауға болады».

2017 жылы Лондонның Жоғарғы соты Статидің төрелік шешімді алаяқтық жолмен алғандығы туралы жеткілікті дәлелдері бар деп шешті. Стати Дэн Чэпменның қаржылық қолдауымен бұл процестен бас тартты. Оның орнына Стати сот қарауының төмендеу деңгейіне уміттене отырып, басқа соттарда сот ісін бастады. Әр сотта Стати мен олардың адвокаттары басқа соттар фактілерді бағалады деп жалған пікір білдірді. Алайда, Стати де, олардың адвокаттары да соттардың ешқайсысы шынайы және толық мәліметтер негізінде шешім қабылдамағанын толық түсінеді. Сот процестері бірқатар юрисдикцияларда жалғасуда. 2020 жылғы 17 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты Қазақстан Республикасына Стати жасаған алаяқтыққа байланысты істі толық көлемде ұсынуға рұқсат берді. Қазіргі уақытта Нидерланды Жоғарғы соты осы алаяқтыққа байланысты апелляцияны қарастыруда.

Статидің ақшаны жылыстату туралы фактілерін Гибралтар Жоғарғы сотына «Толқыннефтегаз» ЖШС конкурстық басқарушысы ұсынды және сот алдын ала «қарауды талап ететін елеулі мәселе« және «жеңістің шынайы перспективалары бар» деген қорытындыға келді.»

Статидің бұдан былай алаяқтық төрелік шешімді орындауға әрекет жасауға белсенді қатыспауы Статидің қылмыстары туралы бұлтартпас дәлелдерге байланысты болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Дэн Чэпмен басқаратын проблемалық активтер мен үмітсіз облигацияларға мамандандырылған хедж-қорлар тобы (»Чэпмен тараптары«) Статидің Tristan Oil Ltd компаниясының облигацияларын сатып алғаны және Статимен жасалған келісім арқылы үлкен жеңілдіктермен төрелік шешімнің бірталай үлесін сатып алғаны анықталды. Енді Чэпмен тараптары Қазақстанға қандай да бір жолмен инвестиция салған «американдық және басқа да халықаралық инвесторлардың атынан» әрекет етіп жатыр. Алайда, Чэпмен тараптары Статимен бұрын жұмыс істеген барлық беделді инвестициялық банктер Стати және Чэпмен тараптарымен қарым-қатынасын 2017 жылдың маусым айындағы ағылшын сотының «төрелік шешімнің алаяқтық жолмен алынғандығы туралы жеткілікті дәлел» бар деген шешімінен кейін тоқтатқанын ашпайды.

Чэпмен тараптары қазір алаяқтық шешімді мәжбүрлеп орындау кампаниясының нақты күші және демеушілері болып табылады, олардың акциялары бірқатар юрисдикцияларда Қазақстанға қарсы «ақша үшін« сатып алынды. Ұлыбританияда Чэпмен тараптары Қазақстанға қарсы істі жалғастырмауға шешім қабылдады және төрелік шешімінің шынайылығына нұқсан келтіретін түпкілікті шешімді болдырмау мақсатында алаяқтық туралы іс бойынша сот талқылауының тоқтатылуына себеп болды. Чэпмен тараптары әртүрлі соттар мен Қазақстанды алдауға жәрдем көрсетеді. Сондықтан Әділет министрлігі Дэн Чэпмен және оның компанияларына қарсы АҚШ-та сот талқылауына бастамашылық жасады.

Қазақстан Республикасы Нидерландыдағы және басқа да елдердің соттарында қаралатын барлық сот талқылауларында әділеттіліктің орнайтынына сенімді. Сондай-ақ, Республика Стати немесе Чапман тараптары алаяқтықпен алынған төрелік шешімді тануға және орындауға ұмтылатын барлық юрисдикцияларда өзінің заңды мүдделерін жігерлі түрде қорғауды жалғастыратынына сенімді», - деді ҚР Әділет министрлігінен.


Соңғы жаңалықтар