Степногорда бюджеттен ірі көлемде ақша ұрлағандар үш жарым жылға сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласының прокуратурасы мемлекеттік бюджеттен ірі көлемдегі ақша ұрлау оқиғасын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы бойынша жеке мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру мәселесін талдау барысында «Дарын ББ» балабақшасының басшылығы ай сайынғы субсидияларды алу үшін балалардың жалған деректері мен тізімдіктерін бергені анықталды.

«Алаяқтық әрекеттердің нәтижесінде балабақша басшылығы 3,6 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған.

Қала прокуратурасының ірі көлемдегі алаяқтық оқиғасы бойынша бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша, «Дарын ББ» балабақшасының басшылары сот үкімімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді», дейді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар