Степногорда жастарға арналған коворкинг орталық ашылды

None
None
СТЕПНОГОР. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Степногор қаласында жастарға арналған коворкинг орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа орталық «Горняк» орталық мәдениет сарайында орналасқан.

Демалыс нысаны бір уақытта 30-50 адамды қабылдай алады. Коворкинг орталығы заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Мұнда жастарға бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, жан-жақты дамуға және түрлі жобаларды іске асыруға мүмкіндік бар. Орталыққа бару тегін.

Қала жастарын Степногор әкімі Алпысбай Қайыржанов орталықтың ашылуымен құттықтады.

«Қала күн сайын өсіп, өркендеп келеді. Қалада көптеген ауқымды жобалар жастар үшін жүзеге асырылуда. Бүгін ашылған орталық жас ұрпақтың жаңа идеялары мен бастамаларының алаңына айналатынына сенімдімін. Әкімдік тарапынан жастарға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз», - деді қала әкімі.

Коворкинг орталығының ашылуын қаланың белсенді жастары қуана қабылдады.

«Біз үшін өзін-өзі тану және шығармашылық даму үшін үнемі жаңа жағдайлар жасалатыны қуантады. Енді тағы бір орталық пайда болды, онда жастар уақытты тиімді өткізіп, дамитын болады. Қала басшылығына жан - жақты қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз», - деді жастар ұйымының белсендісі Жанар Кәрімова.

Айта кетсек, Степногорде жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін үш коворкинг-орталық жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар