+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Степногорскіде шенеуніктер төрт рет бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырған

2021 жылғы 3 мамыр 18:45
Бөлісіңіз:
Степногорскіде шенеуніктер төрт рет бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногорск қаласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар саны азаймай тұр. Өткен жылы моноқаланың шенеуніктері. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Майданда жаумен соғысып, бейбіт өмірде қылмыспен күрескен Көкшетауда 16 саяжай өртеніп кетті Екі жүзден астам ақмолалық оқушы республикалық олимпиадаға қатысуда

Жиында Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Мұқатов атап өткендей, қалалық білім бөлімінде бірден үш есепшінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары анықталған.

Өткен жылдың соңында бухгалтерге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы «адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жасауы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 498 359 теңгені құрады. Әйел залалды өтеуге және татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Бас бухгалтердің орынбасары мен есеп айырысу бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істер ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы «қылмыстық топ жасаған сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша қозғалды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 14 млн теңгені құрады. Оның бір бөлігі мемлекетке қайтарылды.

«Соттың 2021 жылғы 1 наурыздағы үкімімен әйелдер кінәлі деп танылып, оларға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Есеп айырысу бөлімінің басшысы мемлекетке 7 954 617 теңгені, ал бас бухгалтер - 2 848 866 теңгені қайтаруы тиіс», - деді Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

Жиында айтылғандай, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімінде де анықталды. 2018 жылдың шілде айында бухғалтердің әріптестерімен 2017-2018 жылдарға 397,66 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты негізсіз аудару бойынша бұзушылықтар анықталды.

Степногорск қалалық сотының 2020 жылғы 14 мамырдағы үкімімен әйел кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеусіз екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

2020 жылы ішкі саясат бөлімінде өткен ревизиялық тексеру 2016 жылдың шілдесінен 2017 жылдың тамызына дейін бұдан бұрын да осы қызметкер өзіне 244 492 теңге мөлшерінде артық жалақы аударғанын, бұл ретте әйел басқа адамдардың ЭЦҚ пайдаланғанын анықтады.

Нәтижесінде заң бұзушыға ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (ысырап ету) және ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) қолданыстан шығарылды. Степногорск қалалық сотының 2021 жылғы 10 наурыздағы үкімімен ол кінәлі деп танылды. Әйелге екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT