Страсбургте қоғамдық көлік балалар үшін тегін болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Страсбург билігі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаладағы 18 жастан кіші тұрғындар үшін қоғамдық көлікпен жүруді тегін етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Le Parisien газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, қоғамдық көлікпен тегін жүру құқығына қаланың 80 мыңға жуық тұрғыны ие болады. Бұл шара қала орталығында көмірқышқыл газы қалдықтарының санын төмендету мақсатында енгізілуде. Газеттің жазуынша, билік тегін жүруді енгізген соң, ата-аналардың балаларын жеке көлікпен тасымалдауы азая түседі. Тегін жүру үшін, 18 жасқа дейінгі тұрғындарға көліктік компанияға қалада тұратынын дәлелдейтін құжатты ұсынуы қажет болады.
Биліктің есептеуінше, бұл шара арқылы екі баласы бар отбасы жылына 550 еуроға дейін қаржыны үнемдей алады.
- Жерорта теңізінде қайық аударылып, 130-ға жуық мигрант опат болды
- Үндістан бір күнде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
- ШҚО-да бір күнде 20 мас жүргізуші ұсталды
- Алматыда жаңа бағытта троллейбус жолға шығады
-
Түркістан облысында үш бірдей көлікті соққан жүргізуші қамауға алынды
-
Алматыда көлік кеңесі құрылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам