Strategy2050.kz журналисі «Үркер-2020» сыйлығын жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Strategy2050.kz порталының бас редакторы Қайрат Жандыбаев «Үркер-2020» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Журналист баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы ұлттық сыйлықтың «Жылдың үздік аналитикалық материалы» аталымында озып шықты. Бұл аталымда Нұрлан Оразғалиев («Айқын» газеті), Есімжан Нақтыбайұлы (Inbusiness.kz порталы) және Гүлім Еркінбек (BariBar.kz порталы) үміткер болған еді.

Жеңімпазға «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

Айта кетейік, биылғы байқаудың 11 номинациясы бойынша қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында қабылданды.


Соңғы жаңалықтар