-
ОНЛАЙН:
Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайындалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«61 мың адамды эвакуациялауға 1 713 локомотив, 1 603 вагон дайындалды. Сондай-ақ, арнайы техникасы бар 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойызы дайын. Қазіргі уақытта 2 975 текше метр кесек тас және 8 250 дана стандартты емес темірбетон шпалдары дайындалған. Техниканың және материалдардың дайындығы – 100 пайыз», - деді министр.
Оның айтуынша, «2021-2023 жылдарға арналған су тасқындарының алдын алу және жою бойынша іс-шаралар кешені» жол картасы аясында министрлікте 1 іс-шара қарастырылған.
«Ол Қарағанды облысында Көкпекті-Қарағайлы учаскесінде Қарасор көлін айналып өтетін темір жолын салуға қатысты. Қазіргі таңда Министрлік аталған жобаны іске асыру мәселесін пысықтап жатыр. Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары министрліктің арнайы бақылауында тұр», - деді Бейбіт Атамқұлов.
- Алматы тауларында адасып кеткен 4 турист құтқарылды
- 2025 жылға дейін 80 мың қандастың Қазақстанға оралуына жәрдемдесу жоспарланған
- Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
- Елорда аумағында су тасқыны қаупі бар учаскелер анықталды
-
Биыл сәуірде волонтерлікті дамыту жол картасы қабылданады
-
ШҚО-да апта соңына дейін көшкін жүру қаупі сақталады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам