+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Су тасқыны: Роман Скляр елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады

2021 жылғы 13 сәуір 20:08
Бөлісіңіз:
Су тасқыны: Роман Скляр  елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 13 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр,​ төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев​ елорданың шекара маңындағы аумақтарында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында әуеден бақылау жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
«Атамекен» ҰКП өкілі Назарбаев әуежайындағы кезек кептелісі туралы пікір білдірді Алматы тауларында қауіпті 8 мориналды көл бар Барлық өңірде кіріс бойынша жоспар асыра орындалды – министр

Ұшу барысында 42-разъезд, Қажымұқан, Қоянды, Талапкер, Қараөткел, Жібек жолы, Қосшы, Тайтөбе, Қызылжар елді мекендерінің аумақтарына аэровизуалды барлау жүргізілді. Астана су қоймасы мен Нұра өзені арнасының бойындағы Преображенск су торабының жағдайы тексерілді.


Бақылау кезінде қардың еру процесі тұрақты жүріп жатқаны байқалды. Су шайған аймақтар жоқ. Тәулік бойы жерден және жер серігі арқылы қашықтан зондтау мониторингін жүргізу жалғасуда. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір өзен аумақтарында сең жүру үдерісі басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT