+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Су тасқынынан зардап шеккендерге 43 млн теңгенің көмегі көрсетілді - СҚО

2021 жылғы 4 мамыр 15:25
Бөлісіңіз:
Су тасқынынан зардап шеккендерге 43 млн теңгенің көмегі көрсетілді - СҚО

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 861 тұрғынға 43 млн теңгенің көмегі көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайдағы нөсер жаңбыр: 70 мың адам қауіпті аймақта қалды 8-10 мамыр аралығында Алматы өзендерінде су деңгейі көтеріледі Алматыда еріген қар суы жолды басып қалды

Қаржыны Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы, Болат Өтемұратов қоры және Fortebank бөліп отыр. 43 млн теңге Есіл өзені тасыған кезде саяжай учаскелерін су басқан 861 тұрғынға бөліп беріледі.

Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы СҚО филиалының мәліметінше, қаржы берілмес бұрын қоғамның әрекет ету тобы Петропавл қаласы маңындағы саяжай учаскелерін аралап, халықпен кездесті, мәселеге қанықты.

Жәрдемақы су тасқыны кезінде үйлері айтарлықтай зақымданған тұрғындарға - көпбалалы және толық емес отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге беріледі.

Әр отбасы мүшесіне шотында 50 мың теңгесі бар банк картасы беріледі. Осылайша, 224 отбасының 861 мүшесі жәрдемақы алмақ.

Бұл қаражатты олар қажеттілігіне қарай жұмсап, яғни азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар мен құрылыс материалдарын алады.

«Бізге жылда көмек көрсетіледі. Биыл да қол ұшын созып, жәрдемақы беріп жатқандарына алғысымыз шексіз. Тек біз ғана емес, барлық Қазақстан бойынша жәрдем алып жатыр», - дейді су тасқыны кезінде саяжайы су астында қалғандар.

Бұған дейін Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы Қостанай облысы Қарасу ауданының 200 тұрғынына 10 млн теңге көлемінде көмек көрсетті.

Қарамырза, Железнодорожное және Молодежное елді мекендерінің тұрғындары қызыл судан зардап шеккен еді.

«Көмек алып жатқан тұрғындардың басым бөлігі маусымдық жұмыстарда еңбектенеді, яғни жағдайлары онсыз да мәз емес. Біз берген қаржы олардың қиындықты тезірек жеңуіне, тасқын судан зардап шеккен мүліктерін орынына келтіруге көмектеседі деп ойлаймын. Ел бойынша жағдайды бақылауда ұстап отырмыз, отандастарымызға көмек керек бола қалса, жедел түрде жәрдемдесеміз», - дейді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағанбетов.

«Көмек картасы» жобасы 2018 жылдан бері жүзеге асып келеді.

Содан бері табиғи және техногенді апаттарда зардап шеккен 8 мыңнан астам адамға 300 млн теңгенің көмегі көрсетілген.

Биыл СҚО, Қостанай облыстарының және Шымкент қаласы Еңбекші ауданының 398 отбасына жәрдем берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT