Судың 80 пайызын Қырғызстаннан алатын Жамбылда қуаңшылықтың алдын алу үшін не істеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында қуаңшылықтың алдын алу үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің аймаққа 1 мрлд 800 млн текше метр су қажет, оның 80 пайызын біз Қырғыз елінен аламыз. Және облыс аумағында 3 су қоймасы бар. Өткен жылы 2 су қоймаға өндірістік қуатн арттыру мақсатында жөндеу жұмысын жүргіздік. Ендігі уақытта сол 2 су қойманы барынша пайдаланып, өзен-көлдерді сумен толтыруымыз керек», - деді Бердібек Сапарбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің сөзіне сенсек, аталған өңірде су қоры жеткілікті.

«Бізде 600 су ұңғымасы бар. 10 мың гектарға жуық жерді жерасты суымен қамтамасыз ете аламыз. Бүгінде Алматыдағы ауыл шаруашылық ғылыми институтымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Әрине, бұл жерде жаңа технологияның көмегінсіз болмайды. Ол дегеніміз - заманауи технологияның көмегімен ылғалды сақтау, жаңбырды пайдалану және тағы сол сияқты. Сонымен қатар шаруа қожалықтарына да суды кезекпен және есептеп беретін боламыз. Яғни, барлығына бірдей жетуі үшін. Әсіресе бұл Қордай, Жамбыл және Байзақ аудандарына қатысты. Себебі аталған аудандар су мәселесіне келгенде Қырғыз еліне тәуелді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар