+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ақпараттық-ағарту штабының жылдық жұмысы қорытындыланды

2021 жылғы 27 қаңтар 16:58
Бөлісіңіз:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ақпараттық-ағарту штабының жылдық жұмысы қорытындыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан азаматтардың сенімі мен адалдық пен парасаттылық қағидаларына бейімділігін артыру мақсатында құрылған Ақпараттық-ағарту штабының жылдық жұмысын қорытындылау бойынша кеңес өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді Атырауда облыстық басқарма басшысы 2 млн 917 мың теңге айыппұл төлейді Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді

Іс-шараға Агенттіктің және аумақтық департаменттердің басшылығы, сондай-ақ жергілікті ақпараттық-ағарту штабтарының жетекшілері мен қоғам өкілдері қатысты.

Республикалық штабтың жетекшісі Ырза Тұрсынзада құрамында Мырзатай Жолдасбеков, Ермек Тұрсынов, Ғосман Төлеғұл сияқты беделді қоғам белсенділері бар штабтардың қызметі жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің іргетасын қалауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Оның дәлелі ретінде өткен жылы жасалған жұмыстардың алғашқы оң нәтижелерін келтіруге болады.

Оның айтуынша, онлайн форматта штабтың 400 мүшесі өткізген 5 мыңға жуық іс-шарамен 1,2 млн азамат қамтылды. Әрбір шара ұлттық мәдениет пен бабалар мұрасы арқылы рухани құндылықтарды тәрбиелеуге мақсатты бағытталған құрал болып табылады

Ы. Тұрсынзада сөз арасында «Жүзіңде ұят пен адалдық болсын, Ісіңде әркез адамдық болсын» - деген халық даналығын қоса кетті.


Сонымен қатар, парасаттылық идеясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жастар арасында халық шығармашылығы арқылы қалыптастыру мақсатында еліміздің әр өңірінен 16 айтыс ақыны қатысқан Antikor-айтыс және Antikor Terme онлайн жобалары ұйымдастырылды.

Жиын барысында Шымкент қаласы, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының штаб жетекшілерінің баяндамалары тыңдалып, оң тәжірибелері өзге өңірлерге үлгі ретінде мысал етілді.

Өз кезегінде Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев ақпараттық-ағарту штабының басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету екенін назарға алды. А. Шпекбаевтың пікірінше, әрбір өңір, тіпті ауылдық аймаққа дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты түбегейлі сіңіруі маңызды. Ол үшін аудандық деңгейде ақпараттық-ағарту штабтарының жұмысын ұйымдастыру қажет.

Кездесу соңында ағарту жұмысына халық арасында абыройға ие белсенді азаматтарды, оның ішінде жастарды және әдеп жөніндегі уәкілдерді кеңінен тарту қажеттігі айтылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT