+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің атын жамылған алаяқтар ұсталды

2021 жылғы 26 ақпан 18:05
Бөлісіңіз:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің атын жамылған алаяқтар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі деп таныстырған бірқатар алаяқ ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға офицері Динара Құлымбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астаналық тұрғын танысының банк картасынан 2 млн теңге ұрлап кетті Еліміздің құқық қорғау органдары қанша адамды іздестіруде Қазақстан 27 елмен қылмыстық істерге қатысты құжатты бекітті - Сенат

«2020 жылы жеке қауіпсіздік департаменті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне қатысты 406 шағым мен өтінішті қарады, 286 қызметтік тергеу жүргізді. Осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жұмыс бабын пайда көру мақсатында пайдалануға жол бермеу бойынша іс-шараны тұрақты негізде жүргізіп келеді. Сонымен қатар, өздерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтін атынан таныстыратын адамдардың алаяқтық әрекеттер жасау фактілері орын алып отыр», - деді Д. Құлымбетова онлайн режимде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, 2020 жылы шілде айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері болып таныстарған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұсталды. Бірнеше рет алаяқтық әрекет жасау және аса ірі сомада пара беруге итермелеу фактісі бойынша жалпы сомасы 70 млн теңгеден асатын басқа азаматтың қаражатын алдау жолымен иемденген. Сонымен қатар оның 2014 жылдан бастап аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде екені анықталды.

Бұдан бөлек Д. Құлымбетова басқа да алаяқтық фактілеріне тоқталды.

«2020 жылы мамыр айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жалған қызметтік куәлігін пайдаланып, Қызылорда облысы аумағында 1 млн теңгеден астам сомаға азаматтың мүлкін иемденген Түркістан облысы тұрғынының алаяқтық әрекеттерінің жолы кесілді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылы желтоқсан айында Алматы қаласының тұрғыны алдау жолымен өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ретінде таныстырып, басқа азаматтың сот өндірісінде қылмыстық іс бойынша мәселесіне оң шешім жасау үшін 5 млн теңге сомасында қаражатты иемденген. Қазіргі кезде алаяқтық фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT