Сыртқы саяси зерттеулер институтының отырысы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалығымен «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ («ССЗИ» АҚ) директорлар кеңесінің үшінші отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

А. Шәкіров елдің сыртқы саяси бағытын ғылыми-талдамалық сүйемелдеудің тиімділігі, ең алдымен, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен Қазақстанның стратегиялық мүдделерінің тікелей контекстіндегі зерттелетін проблемалардың уақтылығы мен өзектілігіне байланысты екенін атап өтті. Осы үдерістер 2020-2030 жылдарға арналған ҚР сыртқы саясатының тұжырымдамасынан, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларымен байланысты басқа да бағдарламалық құжаттардан бастау алады.

Қатысушылар Институттың алдағы жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысын талқылап, оның ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізіп, сондай-ақ зерттеу жұмысының басым бағыттарын анықтады.

Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Институт Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құрылғанын ерекше атап өтті. Оның мақсаты жетекші жаһандық ойыншылар арасындағы тұрақсыздық пен қайшылықтардың шиеленісуі жағдайында сыртқы саяси үдерістерді сапалы зерттеуді ұйымдастыру, сондай-ақ сыртқы саяси мәселелерді зерделеуді жүйелеу мақсатында ҚР СІМ ақпараттық-талдау жұмыс кешенін күшейту болып табылады. Министр Директорлар кеңесіне атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да табыс тіледі.

Ағымдағы жылдың басынан бастап «ССЗИ» АҚ 45 ақпараттық-талдау материалдарын дайындап, олардың жартысынан астамы Президент Әкімшілігіне, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы және Премьер-Министр Кеңсесіне жіберілді. Сонымен қатар, Институт өнімдері Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарын жүзеге асыру, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді анықтау бойынша практикалық ұсынымдарды әзірлеу кезінде ҚР СІМ құрылымдық бөлімшелері тарапынан сұранысқа ие болды.


Соңғы жаңалықтар