Табиғатқа зиян келтірген 500-ден астам адам жазаланды - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматы облысында табиғатқа қарсы 600-ге жуық заң бұзушылық жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының полицейлері табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету және браконьерліктің алдын алу шаралары барысында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 573 құқық бұзушылықты әшкерелеген. Аталған деректер бойынша 500-ден астам әкімшілік хаттама толтырылып, 70 қылмыстық іс қозғалған.

«Жыл басынан бері 503 тұлғаның әкімшілік жауапкершілігі қарастырылды. Олардың басым бөлігі заңсыз аң және балық аулауға жол берген. 70 тұлғаның заңсыз әрекетіне қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды. Тергеу барысында құқық бұзушылардың табиғатқа келтірген залалдары есептеліп, сот шешімімен оларды мемлекет пайдасына өтеу қарастырылады»,- деді облыстық ПД Жерглікіт полиция қызмет басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Мейір Демеубаев.

Полиция өкілінің айтуынша, табиғат қорғау заңнамасы талаптарының бұзылуын анықтау мақсатында тәртіп сақшылары арнайы іс-шаралар ұйымдастырып, табиғат байлықтарына қол сұғушылардың әрекеттерін әшкерелейді.

«Табиғи байлықтарымызға залал әкелетін бракоьерлердің жолын кесу үшін «Браконьер», «Шекара», «Уылдырық шашу» және т.б. жедел алдын алу шаралары тұрақты ұйымдастырылады. Осындай нәтижелі шара барысында биылғы тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтың 92,8 пайызы, ал қылмыстық құқық бұзушылықтың 42,8 пайызы әшкереленді»,- деп толықтырды майор Мейір Демеубаев.


Соңғы жаңалықтар