Тағы үш облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райына қатысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

26 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан және батыстан 15-20 м/с дейін жел соғады. Ақтау қаласында 26 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

26 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең қалың қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын байқалып, оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шымкент және Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 26 қаңтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде – 23 м/с дейін жетеді.


Соңғы жаңалықтар