Таиланд әуежайында әйелдер қолжүгінен 109 жануар табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиланд әуежайында Үндістанға 109 тірі жануарды багажында алып өтпек болған екі әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Бангкоктың Суварнабхуми әуежайында орын алған. Үндістандық екі әйелдің чемодандарын жоспарлы рентгендік тексеру кезінде әуежай қауіпсіздік қызметінің назарына күдікті заттар түскен. Жүкті тексеру кезінде барлығы 109 жануар табылды, соның арасында екі жайра, екі кіреукей, 35 тасбақа, 50 құбылғы және 20 жылан болған.

Екі әйел қамауға алынды. Оларға жануарлар дүниесін сақтау және қорғау, жануарлар арасындағы індет және әдет-ғұрыптар туралы.жергілікті бірнеше заңды бұзды деген айып тағылып отыр.

Таиландтың Ұлттық саябақтар, жабайы табиғат және өсімдіктерді қорғау департаментінің бұған дейінгі мәлімдемесінде тірі қалған жануарлар жабайы табиғатты құтқару орталықтарына жіберілетіні айтылған.


Соңғы жаңалықтар