Таиландта ауа температурасы +13 градусқа төмендеп, 3 адам көз жұмды

None
None
БАНГКОК. ҚазАқпарат – Таиландтың Орталық және Шығыс бөлігінде күннің суып кетуі салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bangkok Post-қа сілтеме жасап.

Таиландтың орталық және шығыс бөліктерінде ауа температурасы демалыс күндері плюс 13-18 градусты көрсеткен.

Кеше Бангкоктағы Причинбури провинциясында таңғы сағат 4:30-да 59 жастағы Вират Джанлу есімді азаматтың денесі өлі күйінде табылған. Оны балалары байқап қалған. Сакэу провинциясында тұратын 81 жастағы Плеан Пуангсопа да өз үйінде көз жұмды.

Сонымен қатар, 41 жастағы Кавита Сингсата да ауа температурасының күрт төмендеп кетуі салдарынан мерт болды.

Тексеріс нәтижесі екі адамның өліміне салқын ауа райы себеп болғанын анықтады.

Соңғы жаңалықтар