Таиландта зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таиландтың Пхукет аралында катерлердің соқтығысуынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 10 ақпанда Пхукет аралында (Таиланд) екі катер соқтығысты. Бір катерде тай экипажы, екіншісінде - 39 ресейлік турист болды.

Таиланд құзыретті қызметтерінің ақпараты бойынша, ауруханаларға 21 ресейлік азамат пен Таиландтың үш азаматы жеткізілді. Бірнеше адам ауыр жағдайда. Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - делінген ведомство мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар