Талдыкөл табиғи жолмен-ақ кеуіп қалуы ықтимал – Экология министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев елорда түбіндегі Талдыкөлге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

«Біз әкімдікпен кеңес өткізіп, ұстанымымызды білдірдік. Жалпы, олар біздің ұстанымымызбен келісіп отыр. Мұны су нысаны ретінде қарауға болмайтындығы түсінікті. Өйткені, оған басқа жақтан келіп құйылатын су көзі жоқ. Сол себепті бұл көлдің табиғи жолмен-ақ кеуіп кетуі ықтимал. Сонымен қатар біз әкімдікпен олардың аталған орамдағы көлге су келер жерлеріндегі құрылыс жоспарын қайта қарауы жайына уағдаластық және ол су нысаны ретінде қалуы тиіс. Құрғап бара жатқан жерлері көмілуі қажет. Ал терең жерлерін әкімдік су нысаны ретінде сақтап қалуға міндетті», - деді министр «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, таяуда елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков жетекшілік еткен экологиялық кеңесте Кіші Талдыкөлдегі рекреациялық аумақты сақтау және құру мәселесі қаралған болатын. Онда Нұрлан Солтамбеков Кіші Талдыкөлді сақтап және суын толтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырған еді.




Соңғы жаңалықтар