Талдықорған-Үшарал автожолы биыл пайдалануға беріледі – «ҚазАвтожол»

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Биылғы жыл соңына дейін Талдықорған-Үшарал автожолы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қазір 313 шақырым жолдың жартысынан көбі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы-Өскемен жобасының 313 шақырымы біздің Алматы облысы арқылы өтеді. Ол 5 учаскеге бөлінген. Қазір барлық учаскеде жұмыс қарқынды жүріп жатыр. 1500 адам, 800-ге жуық техника жұмылдырылған. Биылға жоспарымыз - жыл соңына дейін 5 учаскені толық бітіріп, халыққа пайдалануға беру», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Мерей Шахарбаев.

М. Шахарбаевтің сөзінше, Талдықорған-Үшарал трассасының ұзындығы 313 шақырым болса, қазір оның 180 шақырымы екі жолақпен салынып, пайдалануға берілген. Бұл жаңа жолмен көліктер жүріп жатыр. Алайда, жүргізушілер пайдалануға беріліп жатқан жолдардың ұзындығы өте қысқа болғандықтан, қайта-қайта қара жолға түсіп, әлекке түсетінін айтуда.


Жалпы жоба бойынша Талдықорған-Үшарал жолы 2022 жылдың күзінде аяқталуға тиіс. Жоспарға сәйкес 23 көпір салынады. Жолды Қытайдың «CITIC Contraction» компаниясы жасап жатыр, мердігерлер ауыспаған.

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» өкілдері аталмыш трассаны былтырғы жылдың соңына дейін аяқтауға уәде берген еді. Бірақ бұл жоспар пандемияның кесірінен жүзеге аспай қалған.


Соңғы жаңалықтар