+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Талдықорғанда 23 жастағы ер адам полицейге пышақ салды

2021 жылғы 4 мамыр 14:24
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда 23 жастағы ер адам полицейге пышақ салды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 23 жастағы ер адам полицейге пышақ салды. Жәбірленуші ауруханаға түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теміртауда көршісіне мылтық атқан ер адам ұсталды БҚО шекарасында 300-ге жуық тонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды Ақмола облысында студентті өлтірген күдіктілер ұсталды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған күдікті Көксу ауданының тұрғыны болып шықты. Ол қазір қамауда отыр. Полицейге пышақ салған күдіктінің ішімдік ішкені анықталды.

Алматы облысы Полиция департаменті 3 мамыр күні сағат 01:15-те полиция қызметкерлеріне Талдықорған қаласының тұрғынынан автовокзалда масаң күйдегі ер адамның отбасылық жанжалға байланысты оған қауіп төндіргені туралы шақырту келіп түскенін хабарлайды.

Шақырту орнына дереу жеткен Талдықорған қаласы ПБ-нің екі учаскелік полиция инспекторын байқаған күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.

Құқық бұзушыны қуып барып ұстамақ болған тәртіп сақшысына «Абай - Жансүгіров» көшелерінің қиылысында ол учаскелік инспекторлардың біріне пышақ салған.

Көксу ауданының 23 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы — ас үй пышағы тәркіленді.

Полиция қызметкері Талдықорған қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

«Билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша ҚР ҚК 380-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қозғалды», - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT