+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Талдықорғанда апаттық газ қызметкерлерінің жалақы алмағанына жарты жылға жуықтады

2020 жылғы 26 мамыр 00:10
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда апаттық газ қызметкерлерінің жалақы алмағанына жарты жылға жуықтады

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда апаттық газ қызметіндегі жұмысшылар жарты жылға жуық уақыттан бері айлығын ала алмай отыр. Олар соңғы рет маңдай терімен тапқан еңбекақысын өткен жылдың 27 желтоқсанында алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бұл жерде слесарь болып істеймін. Айлығым 60 мың теңге ғана. Ал көлік жүргізушілердің жалақысы - 70 мың. Біздікінен 10 мың теңге ғана артық. Онсыз да аз жалақы аламыз, соның өзін бермей жатыр. Ал біз - бір-бір үйдің асыраушысымыз. Бала-шағамыз, несиеміз бар. Жағдайымыз күннен-күнге қиындап барады. Бір ай жалақы алмағанның өзі қиын. Ал біз қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, енді міне маусым айы басталды. Жалақымызды алмадық», - дейді апаттық газ қызметінің жұмысшысы Айдын Мұқанов.

Ал осы мекемеде контроллер болып істейтін Жұлдыз Қанатбаева да жалақы алмаған соң қатты қиналып жатқанын айтады.

«Менің жалақым - 38 мың теңге. Екі балам бар. Бүгін онлайн өткен соңғы қоңырауға да қатыстыра алмадым. Себебі, ұялы телефонды интернетке қосатын ақшамыз жоқ. Баламның алдында да, мұғалімнің алдында да ұятты болдым. Тамақтың өзін қарызға алып, қиналып жатырмыз», - дейді ол.


Ал Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шаяхметов жалақысыз отырған мамандардың жағдайымен жақсы таныс екенін жеткізді.

«Бұл кісілердің, яғни 27 адамның алдындағы жалақы берешегі 13 млн теңгеге жетті. Мемлекеттік сатып алуға байланысты жалақы мәселесінде қиындық болып жатыр», - дейді Нұрлан Шаяхметов.

Әкімдік өкілі де жалақысыз отырған мамандардың мәселесі қалай шешілетінін білмейді. Себебі, тендерді басқа компания жеңіп алса, онда Талдықорған апаттық газ қызметінде жағдай тіптен қиындап, мамандар жұмысынан айырылып қалуы мүмкін. Себебі, мемлекеттік сатып алу конкурсында кім жеңетіні белгісіз. Ал Талдықорған апаттық газ қызметіндегілер үзіліссіз жұмыс істеп келе жатқанын айтады.

«Енді мемлекеттік сатып алуда мүмкіндік берілмейтін болса, онда Талдықорған апаттық газ қызметін жабуға тура келеді. Ал жалақы қарызын өтеп беруге тырысамыз», - деді Нұрлан Шаяхметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT