+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Талдықорғанда  бір топ шабандоз қала көшелерінде көкпар ұйымдастырды

2019 жылғы 10 желтоқсан 19:35
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда  бір топ шабандоз қала көшелерінде көкпар ұйымдастырды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда бір топ шабандоз облыс орталығының көшелерінде көкпар ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда Абаймен аттас 17 мыңнан астам адам бар Қырымбек Көшербаев: Қазақ халқы өркениеттің жаңа талаптарына сай өмір сүре білуі керек ШҚО тұрғындарының ҚР Президентіне жазған хатындағы деректер жалған - әкімдік

Көкпар тартқандардың видеосы әлеуметтік желілерде таралып, қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Полицейлероқиғаның ізін суытпай бірнеше сағаттың ішінде күдіктілердің бірін - Текелінің 27 жастағы тұрғынын ұстады. Бүгін тәртіп сақшылары қалалық полиция бөліміне жеткізілген кокпарға қатысушылардың қалған мүшелерін анықтап, қамауға алды.

«Барлығы жеті заң бұзушы ұсталды, олардың негізгі бөлігі – Ескелді ауданының тұрғындары. Олардың қала маңындағы ауылдардың бірінде көкпар шапқандықтары анықталды. Ұлттық ойынға ынталы шабандоздар қала шекарасынан өтіп, облыс орталығының көшелеріне ауысқан. Ұсталғандар қазір жауапкершілікке тартылуда», - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметінде.

Заң бұзушыларға қатысты жиналған материалдар сотқа жіберілді. Олардың әрқайсысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Авторы: Хасан Еспанов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT